Образование
20.04.2026
«Балалар жазушыларымен танысу»
«Тоқсан би орта мектебі» КММ-де Ұлттық кітап күні қарсаңында өткізілетін «Балалар әдебиеті - рухани тәрбие көзі» онкүндігі аясында, «Балалар жазушыларымен танысу» күні, әдебиетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, балаларды оқуға тарту, ой-өрісін, қиялын кеңейту, оқырмандар мәдениетін тәрбиелеу мақсатында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Н.Р. Төлепбергенова 5 сынып оқушыларымен «Балалар кітабы» викторинасын өткізді. Викторина қызықты әрі пайдалы өтті, балаларға жазушылар туралы жаңа білім мен кітаппен қарым-қатынас жасаудың қуанышын сыйлады.
